Үшінші мегаполисте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың " Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам " атты жолдауы талқыға түсті.
Бұл жолы Amanat партиясының Еңбекші аудандық филиалының мүшелері №97 жалпы білім беретін орта мектептің қабырғасында бас қосты. Мұнда партия өкілдері Бадам тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, Президент жолдауын талқыға салды. Айта кету керек, мекеме ұжымынан басқа, талқылауға жергілікті тұрғындарда қатысып, жолдаудағы өздерін қызықтырған тұстарына жауап алды.
Әсіресе, қала тұрғындарының көпшілігі әйелдердің зейнет жасы мен бала күтіміне байланысты демалыстың мерзімін ұзартуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларға арналған арнайы шоттар туралы сөз қозғалды. Және осыған орай түрлі сауалдар болды.
"Бала күтімі бойынша декреттік демалыстағы аналарға берілетін жәрдемақы мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылады. Ал әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалды", - деп түсіндірді Шымкент қаласы Amanat партиясының Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова.
Кездесу барысында ұлттық қордан балаларға аударылатын аударымдар туралы сұрақтар көп болды. Яғни, тұрғындар жаңа бағдарлама аясында сауалдар көтеріп, жауап алды. Сондай-ақ, мамандар жобаның алдағы уақытта пысықталу керектігінде тілге тиек етті. Сонымен қатар, бұл бастама іске асса, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатынын түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның басты мақсаты, ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% жасөсіпрімдерге аударады. Яғни, бала 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарына ақша аударымдары жасалады. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сомалар тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады.
Жоспарға сәйкес, қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүддесіне қызмет етеді.
Отырыс барысында Президент Жолдауында маңызды әлеуметтік-қоғамдық және экономикалық мәселелерді көтеріп, мемлекеттік аппаратқа бірқатар тапсырмалар беріп, ШОБ-ты қолдау бойынша тиімді шараларды ұсынғаны атап өтілді. Саяси жаңғырудың жалғасы құрылымдық қайта құрулар болуға тиіс.
"Республика Президенті Жолдауының ерекшелігі мазмұнды болды. "Тәрбие бесіктен басталады, - деп атап өтті Шымкент қаласы Amanat партиясының Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова. - Сапалы білім берудің маңыздылығы да айтылды. Президенттің Жолдауы ел халқының күнделікті өмірінің маңызды аспектілерін қозғағаны қуантады".
Тұрғындар Жолдауда айтылған жоғары білім саласындағы бірқатар жаңа бастамаларды қолдады. Олардың айтуынша, бұл саладағы өзгеріс өскелең ұрпақтың сапалы және жан-жақты білім алуына ықпал етеді. Ал саналы бәсекеге қабілетті ұрпақ-елдің болашағы