Эко-ерлік эстафетасының екінші қадамы: Шымкенттегі Esquire экосенбілігі қалай өтті

26 маусым, 12:17

Esquire Kazakhstan журналының ұжымы Esquire Picnic фестивалі қарсаңында 25 маусымда Қошқар ата өзенінің сағасында эко-құрылтай өткізді. Экологиялық сенбілік қоршаған ортаны сақтау мәселесіне бей-жай қарамайтын барша шымкенттіктің басын қосты. Олар жұлдыздардың, пікір көшбасшыларының, инфлюенсерлер мен @newwave_club эко-еріктілерінің қолдауымен 111 кг қоқыс жинап, қайта өңдеуге жарамды заттарды жинау және сұрыптау базасына 116 кг қоқысты жөнелтті.

Экомарафонның бас серіктесі - теңгерімді тамақтану саласындағы әлемдік сарапшы Herbalife Nutrition компаниясы.

Herbalife Nutrition бүкіл әлем бойынша қоғамдық және экологиялық бастамаларды үнемі қолдайды. Жаһандық әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасының бір бөлігі ретінде компания өзінің 50 жылдығын атап өтетін 2030 жылға қарай 50 миллион әлеуметтік акцияны жүзеге асыруды өзіне міндет етіп алды. Тек соңғы екі жылда Herbalife Nutrition қызметкерлері 766 000 келіден астам орауыш пен басқа да материалдарды қайта өңдеп, пластик, қағаз және басқа да шығын материалдарын қосқанда орау материалдарының айналымын 227 000 келіге қысқартты.

Экологиялық сенбілік бағдарламасы Herbalife Nutrition фитнес сарапшысы Бақдәулет Сапарбаевтың жігерлі дене жаттығуларымен басталып, Hello Eco органикалық дүкені ұсынған қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сабағымен жалғасты. Серіктестер қалдықтарды бөлек жинау жайлы және күнделікті өмірді экологиялық таза етуге қандай әдеттер көмектесетіні туралы айтты.

Сенбілік басталар алдында эко-мереке қонақтарына Herbalife Nutrition компаниясынан пайдалы тағамдар ұсынылды. Белсенділер протеин тәттісін жеп, күш жинады, протеин тамақ арасында жеуге болатын пайдалы тіскебасар: белоктар мен көмірсулардың оңтайлы үйлесімі арқасында дене бітіміне зиян келтірмейді және физикалық қозғалыс кезінде белоктың қосымша көзі болып табылады.

Esquire Kazakhstan журналының экомарафоны 18 мамырда Алматыда «Шымбұлақ» тау шипажайын абаттандыру акциясынан басталды, оның аясында 110 келі қалдық жиналды, оның 38 келісі қайта өңдеуге жарамды заттарды жинау және сұрыптау базасына жіберілді. Шымкенттен кейін эко-құрылтай шілдеде Нұр-Сұлтанға, тамызда Ақтауға барып, Алматыда күзгі сенбілікпен аяқталады.

Бұрынғы әдеттерге және қазіргі тұтыну мәдениетіне біз #BASTA дейміз!

Галерея

1740
1741
1742
1743
1744
1745
1746
1747
1748
1749
1750
1751