Сөзі мен мағынасы құлаққа түрпидей тиетін әнді орындап, әп-сәтте көпке танылып шыға келген әнші Алина Шакиева ел сынына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол «Қазақстан» ұлттық арнасында «1001» бағдарламасында айтып берді. Айтуынша, өзі шырқаған ән хит болып кетеді деп күтпепті.
«Хит болғаны мен үшін күтпеген жағдай болды. Әрине, ол үшін мен қуаныштымын. Халық ол әнді тыңдап жатыр... Менде ән ТікТок-қа шығып, таралып кетсін деген мақсат болған жоқ. Бастысы, адамдарға ұнап жатыр. Маған хабарласқандар солай айтты»,-дейді әнші.
«Мен ойлаймын, ол әннің сөзі, әні адамды тартады. Сондықтан талқылап жатыр деп ойлаймын. Негізі бұл ән менің екінші әнім. Бес жыл бұрын «Мен аялаймын» әнін орындап, бейнеклип түсіргенмін»,- деді ол.
«Мен өз ана тілімді қатты құрметтеймін, жақсы көремін. Мен ойлаймын, кез келген адам өз ана тілін білуі қажет. Қазіргі таңда кәсіби деңгейде қазақ тілін үйренуге тырысып жатырмын. Арнайы мамандарға барып, сабақ алып жүрмін»,- деді әнші.
«Егер адам қатты армандаса, арманы орындалады. Ерте ме, кеш пе сол арманға жетеді. Менің демеушім жоқ, бәрі таза еңбекпен» деген ол тележүргізушінің «ауқатты отбасыдан шыққансыз ба?» еген сұрағына «иә» деп қысқа ғана жауап берді.