Жамбыл Ахметбеков ҚКХП атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

26 сәуір, 11:55

ҚКХП президенттікке үміткер ретінде Жамбыл Ахметбековты ұсынды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Мұқият талқылау нәтижесінде біз Қазақстан президенттігіне кандидат Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы ұсынамыз", - деп мәлімдеді ҚКХП ОК хатшысы Дмитрий Легкий ҚКХП кезектен тыс XIV съезінде.

Жамбыл Ахметбеков - Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 1961 жылы Ақмола облысы Жантеке ауылында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын совхозында механик болып бастады. 1992-1994 жылдары Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Кейін үш жылдан соң Қорғалжын аудандық әкімшілігінің Жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 2000 жылдың басында орта мектепте әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі директордың орынбасары болды. 2002-2003 жылдары аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері. Бірнеше жылдан кейін Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы болды. 2005-2011 жылдары Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық комитетінің аппарат басшысы, хатшысы болып жұмыс істеді. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - Мәжіліс депутаты. Үйленген, төрт баласы бар.