People журналының рейтингі бойынша әлемдегі ең әдемі әйел - 47 жастағы Дженнифер Гарнер.
Бен Аффлектің бұрынғы әйелі, "Шпионка" сериалының және "13-тен 30" фильмінің жұлдызы өзінің жаңа мәртебесіне таң қалды.
Ол
арнайы басылымның мұқабасында пайда
болды. Осыған орай
Гарнер Эллен ДеДженерестің
"Эллен: Шоу Эллен ДеДженерес" шоуына
да келді және ол
осындай мәртебеге
үйренбегенін мойындады.
Актриса өзінің фотосуреті
бар мұқабаны студияда үлкен экраннан
көрсеткен кезде бетін басты.
"О,
Құдай, бұл ыңғайсыз! Мен журналды
бірінші рет көрдім, мен
тіпті оған қарай да алмаймын!
Мен аздап ыңғайсызданып
тұрмын... Мүмкін, сіздер
Кайя Герберді (17 жасар
модель және Синди Кроуфордтың
қызы) көреміз деп ойлаған
шығарсыздар? Бірақ, мен
шықтым мұқабаға. Менің
бұл жерден қашып кеткім келіп отыр.
Өйткені бұл күлкілі!",-деді
ол.
People-ға берген сұхбатында актриса жас кезінде өзін
тартымды деп санамағанын,
ата-анасы да сұлусың деп мақтамағанын
айтты. Ол бос уақытында көбінесе
спорттық киім киеді және макияжды дұрыс
жаға алмайды. Сонымен
қатар, Гарнер фотосессиядан кейін үйге
оралған кезде ғана өзін
барынша тартымды сезінетінін, ал балалар
косметиканы жуып, шашын жайып
жүргенін қалайтынын айтты. «Мен бұны
комплимент деп санаймын.
Олар мені ана ретінде көргісі
келеді»,-деп ағынан жарылды актриса.
Актриса
Бен Аффлектен
үш бала тапқан.
Дженнифер
Гарнер 2000 жылдардың басында
"Шпионка" телехикаясындағы
құпия агент рөлінің арқасында танымал
болды. Актриса сондай-ақ "Электра",
"13-тен 30-ға дейін", "Даллас сатып
алушылар клубы" және "Әулие Валентин
күні" фильмдері арқылы
танымал. Ал 2018 жылы "Кемпинг"
сериалы, "С любовью, Саймон"
жасөспірімдер драмасы және "Багровая
мята" триллері сынды бірнеше жобаларға қатарынан
түсті.