Forbes нұсқасы: Әлемнің ең бай әншілері кімдер?

14 маусым, 12:00

Танымал журналдың мәліметі бойынша, бірінші орын рэпер ​​Jay-Z​-ге тиесілі. Оның шотында 1 млрд АҚШ доллары анықталған. Бұл қаржыға оның жұбайы Бейонсе​дің табысын қоссақ, ортақ табыс - 1,4 ​млрд АҚШ долларына тең.

Dr. Dre 800 миллион долларымен екінші орынға ие болды, ал үшінші орынға 740 миллион долларымен Diddy орналасты. Канье Уэст - 240 миллионға ие, рэп орындаушы Drake 150 миллион табысымен тізімнің соңына енген.

Ал музыка әлемінде ең бай әнші - Рианна. Басылым әртістің табысын 600 миллион долларға бағалады. Рианна табысы бойынша әнші Мадоннаны басып озды. Яғни, оның табысы Мадоннадан 30 миллион долларға көп.
Үшінші орында - Селин Дион. Шотындағы қаржы көлемі - 450 миллион доллар.