Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың менеджері Зия Әлиев IFL TV-ға берген сұхбатында клиентінің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Менеджердің ақпараты бойынша, келесі жекпе-жекті қазақстандық осы жазда өткізеді.
"Мен промоутерлермен сөйлескенмін, 27
шілдеде шоу болады. Әзірге оның қайда
болатынын білмейміз, бірақ Данияр дәл
сол күні оралады",-деді Зия Әлиев.
Өзінің соңғы
айқасында Данияр Елеусінов 6-раундта
өткен жекпе-жектің нәтижесі бойынша
чилилік Луис Норамбуэнаны жеңді.