Беларусьтің Брест қаласында жүзуден халықаралық турнир өтіп жатыр. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылар төрт қашықтық бойынша финалға өтіп, Диана Злобина алтын жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Қазақстандық спортшы 400 метрге кешенді әдіспен жүзуден бірінші орын иеленді. Ол Беларусь өкілдері Елизавета Радюк пен Оксана Большакованы артта қалдырған.
100 мертрге еркін әдіспен жүзуден Қорлан Әмірханова бесінші орын иеленсе, 100 метрге шалқалай жүзуден Анастасия Резванцева төртінші сатыда.