"Мақтарал" клубы бас бапкерсіз қалды

08 қаңтар, 12:46

​Өткен жылдың ортасынан бастап клубта бас жаттықтырушы ретінде белгілі маман Андрей Ферапонтов жұмыс істеді. Жақында ол премьер-лиганың бір клубынан ұсыныс алды, деп хабарлайды KazFootball.kz-ке сілтеме жасап Elitar.kz.

"Біз өз тарапымыздан келіссөздер үстеліне отыруға және ортақ ынтымақтастығымызды талқылауға дайынбыз. Бірақ, жиі кездесетін тағдырдың тоғысын болжауға болмайды", - деді клуб директоры Мейіржан Есенғараев журналистерге.

"Қазіргі уақытта бірнеше мамандармен келіссөздер жүргізілуде. Соңғы жылдары біздің клубта тек қазақстандық мамандар жұмыс істеді. Осылайша біз отандық жаттықтырушылар мектебіне қолдау көрсеткіміз келеді және біздің мамандарымыз шетелдік мамандардан еш кем емес деген пікірде қаламыз. Жақын арада клуб құрылтайшысымен келіскеннен кейін біз команданың бас жаттықтырушысының атын жариялаймыз",-деді ол.

Жақын күндері клуб биылғы жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр. Оның аясында екі жолдастық кездесу өтпек.