Төлеби ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты ұранмен спартакиада өтті, деп хабарлайды Elitar.kz.
Спорттық шараның қатысушылары кіші футболдан, арқан тартудан, гір тасын көтеруден, кермеге тартылудан, ләңгі ойынынан, асық атудан, үстел теннисінен, қол күресінен, шахматтан және волейболдан өзара жарысқа түсті.
Спартакиадада жалпы саны 120 мемлекеттік қызметкер бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
I-орынды ауылдық округ әкімі аппараттарының командасы жеңіп алды.
II-орын тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі командасына бұйырса, III-орынға аудан әкімі аппаратының командасы қол жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан
әкімінің арнайы дипломдармен, кубоктармен
және бағалы сыйлықтармен марапатталды.