Елордадағы "Алау" мұз айдынында ағза алмастырғандар мен диалездегі жандар арасында ұлттық спорттық ойындардың ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Еліміздің барлық өңірлерінен, Польша және Ресейден келген 100-ден астам үміткер жүзу, волейбол, үстел теннисі, дартс және боулинг сияқты спорттың бес түрінен сынға түспек. Қатысушылар жас бойынша бес санатта бақ сынамақ. Қазақстан аумағында халықаралық деңгейде бірінші рет өтіп отырған сайысқа Еуропадан мәртебелі меймандар шақырылыпты.
"1977
жылдан бері ағза алмастырған адамдар
арасында спорт насихатталып келеді.
Бүгін осы жерде тұруымыз Қазақстанда
медицинасында бетбұрыс бар екенін
көрсетеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын
Жәнібек Оспановты Мюнхенде алғаш
көргенде жалғыз жанталасып жүретін.
Міне қазір қасына көптеген адамдар
топтасыпты. Соған қарап ізгі спорттың
дамып жатқанын көреміз", - деді Ағза
алмастырған және диалездегі спортшылардың
еуропалық федерациясының президенті
Беренте Юдит.
Жарыс 10-13 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше спорт нысанында өтеді.