Валюта:
    • ясно 24°C

    SHYMKENT CHALLENGER: Екінші жарыс күнінің қорытындысы белгілі болды

    08 мамыр, 16:30

    Шымкентте теннистен ATP Shymkent Challenger турнирі өтуде. Olympic.kz-тің хабарлауынша қазақстандық спортшылардың ойын нәтижесін белгілі болды.

    Қазақстандық Григорий Ломакин жарысты бірінші айналымда аяқтады. Ол израильдік Эдан Лешемге 5:7, 6:7 есебімен есе жіберген.

    Денис Евсеев екі партия қорытындысы бойынша ресейлік Александр Журбиннен ұтылды. Кездесу қорытындысы – 5:7, 0:6. Тимур Хабибуллин де Ресей өкілі Константин Кравчуктан жеңілді. Есеп - 3:6, 7:6 (7:3), 6:7 (5:7).