Шымкент бұқаралық спортта кенже қалып тұр

21 қыркүйек, 13:46

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бұқаралық спортты дамыту бойынша онлайн режимдегі бейнеконференция кеңесі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылығы, әр өңірдің әкім орынбасарлары, Ұлттық Олимпиада комитеті қатысты.
Бүгінде ел халқының 30,6% - ы спортпен және дене шынықтырумен айналысады. Республика бойынша дәл осы салада ең төменгі сатыдға шымкенттіктер жайғасты. Жалпы көрсеткіштің 28,5% Шымкент қаласына тиесілі. Нұр-Сұлтанда 29,2% болса, Ақмола облысында 29,8% байқалады.
Сондай-ақ, жиын барысында бұқаралық спорт түрлерін қаржылай қолдау, халық арасында спортты дәріптеудің нақты қадамдарын әзірлеу, білікті нұсқаушылар және спорт залдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Балалар мен жастарды спорт секцияларына тарту, жалпы білім беретін мектептердегі спорт залдары мен жабдықтарының тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударылады.
Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға, оның ішінде Мәдениет және спорт министрлігінің үйлестіруші рөлін заңнамалық тұрғыдан күшейту, спортпен айналысатын азаматтардың үлесін арттыру, бұқаралық спортты қаржыландыруды кәсіби клубтарға жұмсалатын шығындарды қысқарту есебінен арттыру, спорт залдары мен мектептердегі жабдықтар тапшылығын шешу туралы нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, өңірлердің әкімдіктеріне дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын ерекше бақылауға алып, оларды 2020 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды.