Тайландтағы халықаралық турнирде отандасымыз топ жарды

21 мамыр, 10:00

Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирінде алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме бере отырып Elitar.kz.

Полина сырықпен секіруден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарған. Ол 3.70 метрді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кетелік, бұған дейін Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) мен Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) аталған турнирде алтын медаль иеленген болатын.