Америкадағы Джексонвилл қаласының маңында Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы қала әкімі Ленни Карридің сөзіне сілтеме жасай отырып газета.ru хабарлады.
Оның айтуынша, бұл коммерциялық ұшақ. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бортта 143 адам болған.
"Мен
біздің өрт сөндіру және құтқару
департаменттерінен оқиға туралы хабардар
болдым. Олар сол жерде жұмыс істеп
жатыр", - деді Карри.
Оның
айтуынша, ұшақтағылардың барлығы тірі.
Бұрын
хабарланғандай, Boeing 737 MAX лайнерімен
соңғы жарты жылда Индонезия мен Эфиопияда
екі апат орын алған. Онда 346 адам қаза
тапты.