Қазақстандық «Ник Вуйчич» «Ливерпуль» футболшыларымен кездесті

14 тамыз, 12:00

Әли Тұрғынбеков бұл туралы өзінің Instagram парақшасына жазды.

«Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогына дайындалып жатқан «Ливерпуль» командасының футболшыларымен бірге жаттықты.

Әлидің парақшасы Мұхаммед Салах, Роберто Фирмино секілді жұлдыздармен, команданың бас бапкері Юрген Клоппен түскен суреттермен толықты.

«Мен өте бақыттымын!» - деп жазды Әли Instagram парақшасына.

Бұған дейін Әли танымал аяқдоп шебері Лионель Мессимен кездескен болатын.