Борис Джонсон Британияның жаңа Премьер-министрі болды

24 шілде, 11:30

Ұлыбританияда консервативті басқарушы партияның көшбасшысы сайлауында ел СІМ бұрынғы басшысы және Лондонның экс-мэрі Борис Джонсон жеңіске жетті. Ол Британияның жаңа Премьер-министрі болады.

Джонсон британдық басқарушы партияның 92 153 мүшесінің қолдауына ие болды. Ол ресми түрде 24 шілдеде Премьер-министр қызметіне кіріседі. Оның қарсыласы - СІМ басшысы Джереми Хантқа партияның 46 656 мүшесі дауыс берді.

REGNUM АА хабарлағандай, Ұлыбританияның қазіргі Премьер-министрі Тереза Мэй бүгін отставкаға кетті.