Мақта терімінің жоспарын орындай алмаған фермерлер сотталды

07 желтоқсан, 13:18

Қуйичирк ауданының ауданаралық экономикалық соты 155 фермерге айыппұл кесті. Олар Ташкент облысы, Аққорған ауданында кластерлік фирмамен жасалған мақта теру келісім-шартын орындай алмаған, деп жазады centralasian.org.

Айыппұл төлеу үкімі туралы фермерлердің өздері мәлімдеді. Олардың айтуынша, сотқа 40-50 адам шақырылып, 5-10 минутқа созылған сот отырысында барлығын айыппұл төлеуге кескен.

Сотталған фермерлердің сөзінше, мақтаны жинай алмау себептері судьяны қызықтырмапты. Осылайша 5 желтоқсан күні 40 фермер сотталды. Аргарлық басқарма өкілінің айтуынша, «АВС Оққўрғон Агрокластер» ООО сотқа мақта жинау келісім-шартын орындамағандары үшін 155 фермерге айыппұл салу туралы шағымданған.
5 желтоқсан күні соты өткен фермер былай деп әңгімеледі: «40-тан астам фермерді шақырып, 10 минутқа жинады. Судья «Сіздер мақта жинау келісім-шартын орындамадыңыздар. Кластер сол жиналмаған мақта құнының 30 пайызын сіздерден айыппұл ретінде өндіріп алуға арызданды. Мен сіздер 16 пайызын төлейсіздер деп үкім шығардым. Келісесіздер ме?» деді. Фермерлер келісетіндерін айтып, бірінен соң бірі қол қойды».
Аққорғандық фермерлер биылғы табиғи құбылыстар мақта өнімін азайтып тастатағаны туралы сөздерін ешкімнің тыңдағысы келмегенін айтады.
Аудандық хокимияттың шенеунігі кластер фирмасының 155 фермерді сотқа бергенін растады.
«Біз кластердің жұмысына араласа алмаймыз. Олар фермерлермен келісім-шарт жасаған. Мысалы, фермер 200 тоннаға келісім жасап, 100 тоннасын ғана жинады делік. Оған жиналмаған 100 тонна мақта құнының 30 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады (2018 жылы мақтаның бір келісінің бағасы орташа есеппен 3250 сум немесе 0,4$ болып белгіленген). Сот айыппұл мөлшерін 16 пайызға дейін азайтып, фермерлерге көмектесіп отыр», - деді шенеунік.