Forbes әлемнің ең ықпалды әйелдерін атады

05 желтоқсан, 10:25

​Германия канцлері Ангела Меркель Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемнің ықпалды 100 әйелінің көшін бастады, деп жазады РИА Новости.


ФОТО: Ангела МЕРКЕЛЬ

Басылым бұл қызметте 2005 жылдан бері жүрген Меркель 2021 жылғы сайлауға қатыспайды, дегенмен, «Еуропаның де-факто көсемі болып қала береді» деп жазады.

ФОТО: Тереза МЭЙ

Екінші және үшінші орындарға Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй және Халықаралық валюта қорының төрайымы Кринтин Лагард орныққан.

ФОТО: Кринтин Лагард

Тізімнің 20-орнында америкалық тележүргізуші Опра Уинфри болса, 23-орынға – британ патшайымы Елизавета II жайғасты. Ал АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы әрі кеңесшісі Иванка 24-орынға тұрақтаған.

ФОТО: Иванка ТРАМП

Ресей Орталық банкінің төрайымы Эльвира Набиуллина рейтингтің 49-орнына жайғасып, америкалық әнші Бейонстен (50-орын) және Еуродипломатияның төрайымы Федерика Могериниден (67) озып кетті.

Еске сала кетсек, күні кеше біз Youtube арқылы ең көп табыс табатын блогерлер тізімін жариялаған болатынбыз. Әлем бойынша бұл тізімнің көшін 7 жастағы блогер Райан бастады. Оның Ryan Toys Review атты каналын 17 млн-нан астам көрермен қарап отырады. Бір жылда Райанның Youtube арқылы тапқан табысы 22 миллиона долларға жеткен.

ФОТОЛАР: ашық дереккөзден