Германияда бес орындық электрлік аэротакси сынақтан өткізілді.
Бес орындық электр-аэротакси Lilium Jet-тің прототипін Герман стартап-компаниясы Lilium әзірлегені белгілі. Мамыр айының басында елде көліктің сынағы сәтті өтті. Сынақ алаңы ретінде Мюнхен маңындағы Оберпфаффенхофен қаласындағы аэродром таңдалды.
Компанияның негізін
қалаушы Даниэл Виганд тестілеу барысында
прототип тігінен ұшырылғанын,
біраз уақыт бойы ол бір орында
қалықтан тұрғанын атап өтті.
Жақын
арада қосымша тесттер өткізеді деп
күтілуде: такси маневрлерді жүзеге
асырады және көлденең ұшырылады.