Италияда трансгендер алғаш рет мэр болып сайланды

29 мамыр, 11:00

Италияның Тромелло қаласының мэрі болып Мария деген атаумен өмірге келген адвокат Джанмарко Негри сайланды, деп хабарлады 28 мамыр күнгі Италияның ІІМ баспасөз қызметі берген хабарламаға сілтеме жасай отырып rossaprimavera.ru.

Сондай-ақ, жаңа сайланған қырық жастағы мэр дауыс беру кезінде Ломбардия провинциясының солтүстігінде орналасқан осы қаланың сайлау учаскелеріне келген тұрғындарының 40% - ының қолдауына ие болды.

Мэр сайлауы Еуропалық Парламентке дауыс беру күнімен тұспа-тұс келді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы бірнеше жылда италиялық саяси күштер дәстүрлі қоғамдық нормалардың бұзылуына қарсы әрекет ету бойынша бірқатар шаралар қабылдаған болатын. Мәселен, Италияда осы жылдың сәуір айында ЛГБТ белсенділерінің ұстанымына қарамастан заңнамаға "әке" және "ана" ұғымдарын қайтарып алды.