Қайғылы оқиға Пиру Лиме қаласында орын алды. Екі қабатты автобустың өртке орануы кезінде 20 адам жанып кетті. Тек жеті жолаушы терезеден шыға алды. Олар ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің кейбірі қатты күйік алды.
Куәгерлердің айтуынша, автобус вокзалда тұрған кезде өртене бастаған. Өрт автобусты бірден жайпады. Көліктің екінші қабатында болған жолаушылар төмен түсіп үлгермеді, көптеген адамдар өз орындарында отырып қаза тапты.
Өрт сөндіру қызметіндегілер оқиға орнында 18-20 адамның денесін көргенін хабарлады, бірақ олар әзірге қаза болғандардың нақты санын айта алмайды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша бұл электр сымдарының ақаулығынан орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, құтқарушылар айтқандай, автобуста өрт сөндіргіштер болмаған.
Полиция қазір жүргізушіні іздестіруде, оның отыратын орын жағындағы есік ашық қалған.