Шаңнан шедевр жасау үшін ол бір күн уақытын жұмсайды.
Норвегиядағы Нотодден қаласының тұрғыны Дино Томич Instagram парақшасындағы оқырмандарын өзінің ерекше көркем эксперименттермен қуантуда. Суреттерді ол әдеттегі техникамен салып қана қоймай, соны стилімен өз оқырмандарын таңқалдырып келеді.
Мысалы, ол флуоресцентті
бояуларды әдеттегі бояумен араластырып,
нәтижесінде қараңғыда оның суреттері
басқа мағынаға ие болады. Сондай-ақ,
норвегиялық оқ-дәрімен сурет салып,
содан кейін оны өртеп жіберді. Осылайша
ерекше өрнектер пайда болды.
Бірақ
бұл оның шығармашылық тәжірибелерінің
соңы емес. Сәуір айының соңынан бері
Томич автомобильдердің лас әйнегіне
сурет салуды бастады.