Конор Макгрегор үйі жоқ ирландық отбасыларға баспана салып беріп жатыр

22 мамыр, 13:18

Көбіне дау-жанжал арасында аты шыққан 30 жастағы спортшы әдетте өзінің сәнді өмір салтын көрсету үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады. Бұл жолы ол бұл дәстүрін жаңартты. Ерекше фото жариялаған Макгрегор жанкүйерлерін шындап таң қалдырды.


"Бүгін құрылыс нысаының басына келдім. Бұл менің жылжымайтын мүлік құрылысындағы алғашқы жобам. Бізде 8 үй құрылысы аяқталуға жақын. Өз үйі жоқ, бүкіл қала бойынша қонақ үйлерде тұратын отбасылар үшін әзірленген үш жатын бөлмесі бар үйлер. Бұлтты күннен соң міндетті түрде жайма шуақ күн шығады!

Бүгін осы учаскелерді аралап, барлық көршілермен кездестім. Жақын арада мұнда жаңа отбасы тұратын болады. Олардың енді жаңа естеліктері болады, жаңа өмір қалыптасады! Бұл мен үшін мақтан тұтарлық жайт! Ирландия мәңгі!» деп жазды спортшы желі парақшасында.

Көбіне әлеуметтік желілерде Макгрегор парақшасында спорттық автокөліктер, сәнді виллалар мен жеке ұшақтардың фотосуреттері ерекше реакция алатын. Бірақ бұл пост чемпионды жаңа қырынан таныған жанкүйерлер арасында өте танымал болды.