116 жастағы Жапония тұрғыны Канэ Танака әлемдегі ең қарт адам деп танылды.
Танака әжей 1903 жылдың 2 қаңтарында дүниеге келген. Бүкіл еңбек жолында күріштен жасалған шелпек әзірлейтін дүкенде еңбек етіпті. Бұл дүкен қарт ананың өзіне тиесілі болған. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде күйеуі майданға аттанып, қаза тапқан. Дүкен қан майданына дейін ашылған.
Әлемнің ең кәрі адамы Танака әжей 2005 жылдан бері Фукока қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Әлемдік басылымдардың жазуынша, Канэ Танака өмір бойына ауырып көрмеген. Тек 103 жасында қатерлі ісікке шалдығып, ота жасатады. Дертінен сауыққан ол әлі күнге дейін өздігінен жүріп, тіпті үстел ойындарын ойнағанды ұнатады екен.