Мектеп оқушысы өзін мазақ еткен құрдасын атып өлтірді

24 қараша, 17:49

Оқиға Ресейдің Свердлов облысындағы Верхняя Синячиха елдімекенінде орын алған. Мектеп оқушысы сыныптасын аңшы мылтығымен атып тастаған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Бұған дейін БАҚ өкілдері хабарлағандай, қанды оқиғаға мектеп оқушылары арасындағы жанжал себеп болған. Бірі екіншісін келеке етеді. Өзін ренжіткен адамды үйінен қуып шыға алмаған оқушы үйдегі аңшы мылтығын алып, оқ атады. Оқ тиген жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Өңірлік тергеу комитетіндегілердің мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның мән-жайы анықталып жатыр.

ФОТО: Panorama.am