Беделді «Оскар» жүлдесіне ие болған алғашқы есімдер белгілі болды. Бұл туралы Америкалық киноөнер академиясының баспасөз қызметі хабарлайды. Сонымен, «Екінші пландағы үздік актриса» жүлдесін «Если Бил-стрит могла бы заговорить» фильміндегі рөлі үшін Реджина Кинг иеленді.
«Свободный подъём в одиночку» туындысы «Үздік толық метражды деректі фильм» атанды. Ал «Үздік грим және шаш үлгілері» марапаты «Власть» туындысына берілді.