29 қаңтар, 14:50
Солтүстік Каролинада таңғажайып оқиға болды, деп жазады Rabbit news.
Үш жасар Кейси Хэтэуэй 22 қаңтар күні әжесінің үйінің ауласында ойнап жүрген жерінен жоғалып кетеді. Балақайды іздестіру жұмыстарына тікұшақтар, пилотсыз ұшу құралдары жұмылдырылды, еріктілер орманды сүзіп шықты. Аязды күндер болғандықтан, баланың тірі табылу мүмкіндігі сағат санап таусыла берді. Себебі ол жеңіл киінген болатын.
Дегенмен, Құдайдың көзі тура екен, іздеудің үшінші тәулігінде Кейси табылды. Оның шағын аралға қалай тап болғаны белгісіз. Балақай құтқарушыларға өзінің досы – аю туралы айтып берді. Түз тағысы осы күндер бойы баланы қорғап, жылытып жүрген. «Қара аю» - жергілікті аймақта кездесіп қалатын Барибал аюы болатын. Ол адамдарға әдетте шабуыл жасамайды. Дегенмен, барлық жабайы жануарлар сияқты, алыс жүруге тырысады.
Автор:
Elitar.kz