​Роналду 1 жыл 11 ай шартты жазаға кесілді

22 қаңтар, 16:10

Мадрид соты Криштиану Роналдуды салықтан жалтару ісі бойынша 23 ай шартты жазаға және 19 млн евро айыппұл төлеуге кесті.

«Ювентус» шабуылысы Криштиану Роналду 23 айлық шартты жаза және 18,8 млн евро көлеміндегі айыппұл жазасын мойындады, деп хабарлайды Football Italia.
Португал азаматы айыппұлдан жалтару ісі бойынша үкім оқылу үшін бүгін сотқа келді. Үкім жуық арада оқылады.
2017 жылы «Реал» сапында өнер көрсетіп жүрген футболшыға жалпы сомасы 14,8 млн евро салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған болатын.
Испания заңдары бойынша жалпы мерзімі 24 айдан аспайтын бірінші бас бостандығынан айыру жазасы автоматты түрде шартты болатындықтан, Роналдудың жазасы шартты болады.