Зеленскийдің штабы Петр Порошенко мен оның жақындарының шетелге шығуына тыйым салу туралы пецициясын қолдады

29 сәуір, 14:28

Украинаның қазіргі Мемлекет басшысы Петр Порошенконың және оның маңындағы жақын адамдардың шетелге шығуына тыйым салу туралы петицияны Владимир Зеленскийдің командасы қолдады. Естеріңізге сала кетейік, шоумен Украина сайлауында сайлаушылардың 73,22% дауысымен жеңіске жеткен болатын.

"Әрбір қылмыстық іске әрқашан лайықты жауап табылады", - деп атап өтті Зеленскийдің штабы.

Бұған дейін Киев округтік әкімшілік соты Президент және Парламент сайлауынан кейін бір жыл бойы Порошенконың елден шығуына тыйым салу туралы талап-арызды қабылдағандығы белгілі болды. Сондай-ақ, талап басқа да украиндық шенеуніктерге қатысты берілді.

Жақында Владимир Зеленский кейбір ресейлік әртістерді Украина аумағына кіргізбейтінін айтты. Бұл қара тізімге актер Иван Охлобыстин мен оның әріптесі Михаил Пореченков кірді. Бірақ Андрей Макаревич пен Лия Ахеджакова үшін есік әрдайым ашық.

Дерек көзі: shtab-zelenskogo-podderzhal-peticiyu-o-zaprete-vyezda-petra-poroshenko-i-ego-blizkogo-okruzheniya-za-granicu