АҚШ істері жөніндегі КХДР арнайы өкілі Ким Хек Чхоль және тағы төрт жоғары лауазым иелері Ханойдағы американ-Солтүстік Корея саммитіндегі сәтсіздікке байланысты жазаланды, деп хабарлайды ca-news.
Тағы бір жоғары лауазымды шенеунік, Ким Чен Ынның бірінші орынбасары Ким Ен Чхоль каторгалық жұмыстарға жегілді.
Газеттің
дереккөзі көшбасшы Ким Чен Ын наурызда
Пхеньянның шығыс шетінде орналасқан
Мирим әскери аэродромында бірнеше
жоғары лауазымды тұлғаларды өлтіруге
бұйрық берген. Сондай-ақ, дипломаттар
өлім алдында АҚШ пайдасына тыңшылық
жасады деп айыпталды.
АҚШ президенті
Дональд Трамптың КХДР көшбасшысы Ким
Чен Ынмен екінші кездесуі 2019 жылдың
27-28 ақпанында болды. Тараптар кездесуді
бір келісімге келместен, жоспарланған
уақыттан бұрын аяқтап, ланчты алып
тастады.