Ыстамбұлдағы жарылыстан 6 адам қаза тауып, 53 адам жараланды

13 қараша, 21:11

Түркияның құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жексенбі, 13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болып, оның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 6 адам қаза тапты, 53 адам жарақаттанды. Бұл туралы Түркия президенті Эрдоған мәлім етті.

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.