Ресейліктерге Украина азаматтығын беру жеңілдетілді

13 тамыз, 16:56

​Украина президенті Владимир Зеленский азаматқ алу рәсімін жеңілдететін Жарлыққа қол қойды. Құжат Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.

Украиналық паспортты жеңілдікетілген алу мүмкіндігіне Киев жағындағы түрлі ұрыс қимылдарда елді қорғаған, Донбасстағы қарулы қақтығысқа қатысқан шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ие бола алады. Саяси себептер бойынша қудалауға ұшыраған Ресей азаматтары үшін рәсім тіпті жеңілдетіледі.

Украина азаматтығын алу үшін өтініш берушілердің аталған санаттары өздерінің азаматтығынан бас тарту туралы декларация беруі тиіс. Ресейліктерге де саяси қудалау фактісін құжатпен растауға тура келеді. Сондай-ақ, заңда растау ретінде Украина СІМ-нен, дипломатиялық өкілдіктің немесе Киевтің шетелдегі консулдық өкілдігінің анықтамасы көрсетілген.

Владимир Зеленский Үкіметке Ресей азаматтары үшін босқын мәртебесін беру процесін оңтайландыру және жеңілдету туралы тапсырма берді.