20 желтоқсан, 17:58
Бұл туралы полицейлерге Санкт-Петербургтегі клиника қызметкерлері хабарлады, деп жазады РИА Новости.
Бұған дейін РФ Тергеу комитетінің қалалық басқармасының баспасөз қызметі мемлекеттік клиниканың бірінің анестезиологы операциядан соң әлсіз халде жатқан үш жас науқас қызды зорлаған деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.
«Бізге өз дәрігеріміздің науқас қыздарға қатысты заңсыз әрекеті туралы хабарлама түсті. Біз дереу өзіміз құқық қорғаушыларға хабар бердік, соның нәтижесінде қызметкеріміз ұсталды», - деді «Ювента» клиникасының өкілі.
1960 жылы туған дәрігер анестезиолог-реаниматологтың үстінен қылмыстық іс РФ ҚК 131-бабының 1-тармағы, 132-бабының 3-тармағы, «А» тармақшасы бойынша (зорлау, сексуалды-зорлық әрекеттер) қозғалды.
Тергеушілердің мәліметінше, 2018 жылдың 19 желтоқсаны күні мемлекеттік бюджеттік денсаулық сақтау ұйымдарының бірінде күдікті дәрігер жаппай наркоз қолдану арқылы жасалған операциядан соң палатада әлсіз халде жатқан 1997, 2001 және 2002 жылы туған қыздардың екеуіне қатысты кезекпен сексуалды әрекет жасап, үшіншісін зорлаған деп мәлімдеді тергеу комитетінің өкілдері.
Ведомство қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті ұсталған соң жағдайы нашарлап, қазір емханада күзетпен жатыр. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты бұлтартпау шаралары анықталып, оған айып тағу мәселесі қозғалуда.
ФОТО: gazeta.ru