Жапондық студент Қазақстанға бару үшін ақша жинап жүр

30 сәуір, 09:30

Жапондық студент диплом жұмысын жазу үшін Қызылорда облысына баруды жоспарлап жүр. Бұл үшін ол күзетші болып жұмыс істеп ақша жинауда, деп хабарлайды "Хабар 24"-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Ол өзінің талпынысының арқасында, 2 жыл бұрын студент алмасу бағдарламасы бойынша Қазақстанға баруға мүмкіндік алған студенттер тобына кірді. 10 ай ол үшін ғажап өтті: үздік педагогтармен жүйелі сабақтар және күнделікті тәжірибе өз жемісін әкелді. Енді жапон студентінің тағы бір мақсаты - Қызылорда облысына бару.

"Мен қазір Қорқыт атаны зерттеп жүрмін. Ол туралы мәлімет жинау үшін Қызылорда облысына баруды жоспарлап отырмын. Қызылордада менімен бірге еріп жүретін адам табылса сапарым ойдағыдай өтер еді деп ойлаймын»,-деді жас зерттеуші.

Енді болашақ филолог оқудан бос уақытында күзетші болып жұмыс істейді. Ал барлық тапқан ақшасын осы жазда қазақ еліне қайта сапарлау үшін жинап жатыр.