Табиғат министрлігі Мәскеу тұрғындарын сақ болуға шақырды. Мамыр-маусым айларында қарғалар адамға шабуыл жасауы мүмкін. Сондай-ақ, министрлік өкілдері қала тұрғындарын құстарға жақындамауға, олардың балапандарын қолға алмауға кеңес берді.
Ведомствоның хабарлауынша, қарға ірі құс, адамға шабуыл жасаған кезде ол тұмсықпен басқа соққы беруге тырысады. Мамандар мәлімдегендей, қарға балапандарына өте қамқор, сондықтан оларды агрессияға итермелеуге болмайды, бұл қауіпті.
Дегенмен,
егер құс шабуылдаса,
шұғыл қимыл жасамау
керек. Ұзын таяқшаны алып, қорғанған
абзал.
Тағы бір сенімді
қорғаныс құралы - бұл қолшатыр. Мамандар
оны алдағы айларда үйде
қалдырмауға кеңес береді.