Түрікменбашы қаласының билігі Түркменстанның батысындағы жергілікті тұрғындарға Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық шалу рәсімін өткізуге тыйым салды. Бұл шаралар алғашқы Каспий экономикалық форумын өткізу кезінде қолданылады, деп хабарлайды ca-news.
Түркіменбашы және қала маңындағы кенттерде құрбандық шалу мен басқа да діни жоралғыларға тиым 11-тамыз күні салынды. Жергілікті билік 13 тамызға дейін "ешқандай қозғалыс болмауы керектігін" айтқан, деп жазады "Азаттық радиосы".
Жергілікті әкімшілік өкілдері Түркменбашы қаласында алғашқы Каспий экономикалық форумын өткізу кезінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету қажеттігін айтқан.
12 тамызда
Мемлекеттік теледидар арқылы Түркменбаши
мен Авазада Құрбан-байрам атап өтілгендігін
көрсетті. Бірақ бұл репортаждар алдын
ала, осыдан бес күн бұрын, мәдениет
қызметкерлерінің қатысуымен түсірілді,
— делінген баспасөз хабарламасында.
Құрбан-байрам
Түрікменстанда 11-14 тамыз аралығында,
ал Каспий форумы — 11-12 күндері атап
өтіледі.
Бұған дейін бірінші Каспий
экономикалық форумында Мемлекет басшысы
ел билігінің ресейлік Aurus автокөлігінің
барлық желісін сатып алу ниеті барын мәлімдеген болатын.