06 ақпан, 14:00
64 жастағы Алена Долецкая ана атана алмауының себебін түсіндірді, деп xабарлайды Elitar.kz.
Ресейлік танымал журналист және бизнес-леди Алена Долецкая Татьяна Лазареваның Youtube-шоуының жаңа шығарылымына қатысты.
Актриса Татьяна Лазарева өзінің интернет-шоуының ұл жолғы түсірілімде ең өзекті тақырыптың бірі – балалардың болмауы талқыланды. Студияға әнші Елка және журналист Алена Долецкая қонаққа келген. Елка шоу-бизнестегі жасы үлкен әріптесінен бірде-бір рет бала сүймегеніне ақталып жүрудің қаншалықты қиын екенін сұрады.

«Мен 18 жасымда тұрмысқа шықтым (өмірден 1992 жылы өткен дипломат Борис Асоянға – ред.), - деді Долецкая. – Анама көп сәби туғым келетінін айтқанмын. Дегенмен, оның сәті түспеді: 12 рет түсік тастап, 14 рет қолдан ұрықтанбақ болдым. Басымнан өткенді тозаққа теңер едім. Ия, адамдар бала туу туралы дөрекі сұрағанда жаным ауырады, бірақ, мен ешкімнің алдында ақталмауым керек екенін есімнен шығармадым».
Елка да өз кезегінде жеке сырымен бөлісті: «Егер мен сәби туа алмасам, бала асырап алу туралы шындап ойланамын. Шынын айтқанда, мен бала туғым келмейді».