Зире тұқымы арықтауға көмектесуі мүмкін

26 сәуір, 10:12

Иран зерттеушілері зирені тек дәмдеуіш ретінде ғана емес, артық салмағы бар адамдарға арықтауға көмектесетін құрал ретінде де қарастыруға болады деп мәлімдеді.

Аnonsens-тің мәліметінше, Иран ғалымдары жүздеген әйелдің қатысуымен эксперимент өткізді. Бірінші топтың қатысушылары күн сайын 5 грамм зире қосылған йогурт ішті, ал еріктілердің екінші тобы құнарлылығы дәл сондай, бірақ зиресі жоқ тағаммен тамақтанды.

3 айдан кейін зерттеуге қатысқандардың салмағын өлшегенде зире қолданған әйелдердің арықтағаны белгілі болған. Бірінші топ қатысушыларының қан талдауы холестерин деңгейінің төмендегенін көрсетті. Иран зерттеушілерінің мұндай көрсеткіштер зиренің құрамында кездесетін фитостериндердің ағзаға әсер етуінен деп түсіндірді.