​«Зың-Зың»: Қазнетте хит болған ән Корея тыңдармандарын жаулауда (ВИДЕО)

03 қаңтар, 17:31

Қазнетте әп-сәтте таралып, вирусты туынды болған «Зың-зың» әнін Оңтүстік Корея жұртшылығы тыңдап жүр. Шет елде жүрген отандасымыз Бекасыл Төлепбай Сеул қаласында түсірілген видеоны желіге жүктеді. Онда адам тығыз орналасқан аудан көшелерінің бірінде дәл осы вирусты әннің орындалып жатқанын байқауға болады. Видео авторы желі парақшасында «Сеулді біраз шулаттық» деп жазып қойған.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әннің расымен де хит болуға лайық екенін айтып, тіпті Ресей мен Украина елдерінде кезінде бұл әннің хит болғанын жарыса жазуда.