21 маусым, 10:25
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ның алғашқы күні 13 мыңнан астам қазақстандық талапкер өз білімдерін тексерді. Көптеген қазақстандық түлектер үшін маңызды емтихан тапсырудың алғашқы күні қалай өткенін Sputnik Қазақстан арнайы видеоға түсіріп, жариялады.
Sputnik Қазақстан тілшілері "білім тексеру" алаңында болып, Нұр-Сұлтанда ҰБТ-ны тапсырудың алғашқы күні қалай өткенін бақылады.
Емтихан алдында және кейін түлектер мен олардың ата - аналары өздерін қандай сезінді, барлық қызықты эмоциялар түсірілген видеода.
ҰБТ тапсыру пункттерінің бірінде - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында – металл іздегіштердің көмегімен әр оқушының тыйым салынған заттарының - шпаргалка мен ұялы телефондарының бар-жоғы тексерілгенін бақылауға болады.
Түлектерді кабинеттерінде бақылаушылар күтіп тұрды. Олар түлектерге өз орындарын табуға көмектесіп, тест кітапшаларын және жауаптарға арналған бюллетеньдерді таратты, сондай-ақ мектеп оқушыларының жауаптарды көшірмеулерін мұқият қадағалады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орнына талапкерлерді қолдауға келді.
Болашақ студенттерге арнаған сөзінде министр оларға тестілеуді табысты тапсыруға тілек білдірді.
Негізгі тестілеу орнына жақын орналасқан корпуста ата-аналар күтіп тұрды. Олардың балалары осы уақытта емтихан тапсырып жатты. Олар емтихан барысын мониторлардан бақылады.
Бір сағаттан кейін аудиториядан алғашқы түлектер шыға бастады.
Оларды ұстаздары, достары мен ата-аналары ду қол шапалақпен қарсы алды.
Sputnik Казахстан
Автор:
Elitar.kz