Курс валют:

      Сарыағаш ауданында тағы бір мектеп оқушысының зорлану оқиғасына қатысты іс қозғалды

      03 октября, 09:59

      ​Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тағы бір мектеп оқушысының зорлану оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Elitar.kz.

      Күні кеше 13 жастағы мектеп оқушысының өзінің құрдасы мен оның ересек ағасынан сексуалды тұрғыда зорлық көріп жүргені туралы ақпарат отандық арналардың бірінде таратылды. Бір жылдан бері жәбір көріп келдім деген ер бала бұл туралы ешкімге тіс жарып айта алмаған. Себебі жәбір көрсетуші тарап қорқытып келгенге ұқсайды. Бұл бойынша зорлық көрдім деген жасөспірімнің туысы Сарыағаш аудандық ІІБ-іне жергілікті тұрғын арыз түсірген. Онда екі жасөсіпірім жиеніне сексуалды сипаттағы зорлық жасағаны көрсетілген.

      «Аталған жайт Сарыағаш АІІБ тіркелді. Полицейлермен ҚР ҚК-нің 121-бабы «сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Бұл қылмыстық іс Түркістан облысы ІІД басшылығының жеке бақылауында» делінген Ішкі істер департаменті берген ақпаратта.

      Еске сала кетсек, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық оқиғасы биыл бұл ауданда екінші рет тіркеліп отыр. Жыл басында 7 жастағы мектеп оқушысына қатысты шу шыққан болатын. Онда жеткіншектің нағашы әжесі көрші тұратын өзінен үлкен оқушылардың жиеніне сексуалды тұрғыда қорлық көрсетіп келгені туралы шағымданған. Бұл мәселе қоғамдық резонанс тудырды. Бірнеше айға созылған істің тергеу жұмыстары аяқталып, күдікке ілінгендердің тек біреуі ғана жауапқа тартылатын болды. Себебі өзге күдіктілердің жасы 14-ке жетпегендіктен олар қылмыстық жауаптан босатылды. Бұл іске әлі нүкте қойылған жоқ.

      Опрос

      Оцените Послание Токаева от 01.09.2022 по шкале, где "5" - очень понравилось, "1" - абсолютно не понравилось

      Результат

      Мнение

      Ирина Смирнова, депутат
      Улучшенный стандарт за наш счет?
      Ирина Смирнова, депутат
      На детях экономить нельзя!
      Газиз Абишев, политический обозреватель
      Нынешний Кабинет Смаилова не справился
      Олжас Кудайбергенов
      Тугжанову даже поселок доверить нельзя, а тут целый вице-премьер!
      Данияр Ашимбаев, политолог
      Троечники...
      Ирина Смирнова, депутат
      Не нужно нашей стране это министерство
      Данияр Ашимбаев, политолог
      Ситуация в Центральной Азии к спокойствию не располагает
      Другие статьи