Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air компаниясын сотқа берді

04 ақпан, 15:16

Bek Air компаниясына 31 қаңтар күні жолаушыларға билет ақшасын қайтармағаны үшін талап арыз берілді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Талап арызда тұтынушылардың құқықтары бұзылғандығы көрсетілген. Себебі Bek Air компаниясы сатып алынған авиабилеттер мен дәлелденбеген қызметтер үшін ақшалай қаражатты қайтармаған. Естеріңізге сала кетейік, Алматы маңында орын алған ұшақ апатынан соң әуе компаниясының ұшуы белгісіз мерзімге тоқтатылды.

Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне құқықтарды бұзу туралы өтінішпен 20 адамнан өтініш келіп түскен. Олар 444 434 теңгеге билет сатып алған жолаушылар.