Қос дөңгелекті темір тұлпарларының беріктігін, өздерінің шеберлігін сынау үшін ерлермен қатар нәзік жандылар да сапқа тұрды. 27 велосипедші ойлы-қырлы кедергіге толы жолсызбен жүріп өтуі, ең бастысы қауыпсіздік ережесін сақтауы тиіс.
Ұйымдастырушы Шавкат Ташев бүгінгі күні Шымкентте веломәдениет белсенді дамып келеді дейді. Қос дөңгелекті көлік үшін автомобильден бас тартуға дайын адамдар көп. Велосипед спорты тек жастарда ғана емес, сондай-ақ қариялар арасында да танымал болып келеді. Ең ересек қатысушы 59 жаста. Шавкат жарысты дәстүрлі түрде жиі өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
"Мүмкін, жылына бір рет қана емес, күзде де өткіземіз деп үміттенеміз. Бүгін қатысушылар көп болады деп күтілуде, бірақ барлығы жарысқа қатыса алмады. Келесі жолы бізге қосылғысы келетіндердің қатары көп болады деп ойлаймын", - дейді ұйымдастырушы Шавкат Ташов.