Сәлемдемелерді, соның ішінде бандерольдерді және шағын қораптарды тасыған жолсеріктер жұмыстан босатылады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлады.
"Тұлпар-Тальго" жүрдек поездарының вагондарында жолаушылар салмағы 25 кг аспайтын және ұзындығы, биіктігі және ені 150 см аспайтын қол жүгін тасымалдай алады.
Қалған вагондарда тиісінше 35 кг және 200 см. Көрсетілген шектен асатын жүктер багажға тапсырылады. Шағын сәлемдемелерді жіберу үшін кәсіпорын азаматтарға "Қазпошта"АҚ-ға хабарласуды ұсынады.