​Шымкент тұрғыны "Дүниежүзілік кофе күнін" ерекше атап өтеді

17 сәуір, 16:10

Светлана Глущенконың үйінде әрдайым кофенің қош иісі шығып тұрады. Үй иесі кофені тек қайнатып қана қоймай, одан ерекше дүниелер де жасайды.

Светлана кофе дәндерін шығармашылық үшін материал ретінде де пайдаланады. Ол өз қолымен кірпі, тасбақа, құстар жасайды. Ал терезеде кофе гүлдері тұр, Светлана сондай-ақ түрлі сувенирлер жасаудың да хас шебері.

"Мен 3 жылдан аса уақыт бойы кофемен жұмыс істеймін, 1500-ге жуық ұсақ-түйек дүниелер жасап келемін. Мен шығармашылық үшін әртүрлі материалдарды қолдандым, бірақ дайын жұмыстарға кофе дәндерін жабыстырамын.. Менің алғашқы жұмысым кофеден жасалған рамка болды. жүрегіме жақын болғаны соншалық, мен кофені өз шығармашылығымда пайдалануды шештім",- деді Светлана.


Дерек көзі: